Абай облысыТОП

Бесқарағай ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Бесқарағай ауданында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аудан орталығында Бесқарағай, Глуховка, Долон ауылдық округтерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға нарықтық бағадан 10-20% төмен бағамен өнім ұсынылды.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Талғат Мұратов қатысты.

«Біз көптеген табиғи өнімдерді әкелдік. Сатылымда тек ет қана емес, күнбағыс майы, сүт өнімдері мен көкөністер де бар», – деді аудан әкімі Талғат Мұратов.

Жәрмеңкеде тұрғындар ет, картоп, көкөністер, сүт, нан-тоқаш өнімдері, күнбағыс майы және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button