Абай облысыТОП

Вице-министр Абай облысында өткен”Өрт-2024” оқу-жаттығуын жоғары бағалады

“Өрт-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Шараға 500 адамнан басқа техника, өрт сөндіргіш тікұшақтар мен дрондар қатысты. Оқу-жаттығулардың теориялық бөлігі 15 мамырда өткізіліп, ал 16 мамырда қызметтер дағдыларды тәжірибелік пысықтауға кірісті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оқу-жаттығу табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Абай мен Қостанай облысындағы өрттердің тәжірибесін ескере отырып, белгілі бір қорытындылар жасалғанын жеткізді.

  • Екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ әрбір ведомство үшін жеке айқындалған тиісті кіріспелер бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында қатысушылар жалынның жайылмауын және оны тиімді жоюды, сонымен қатар басқа да төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттырды. Абай және Қостанай облыстарында өртке әкелген кемшіліктерді ескере отырып, көп нәрсе жасалды. ТЖМ және Экология Министрлігі өрт класын және басқа да пункттерді анықтауға қатысты жаңа алгоритм әзірледі. Біз бұл алгоритмді сәтті орындадық. Сондай – ақ, біз орман мекемелерін араладық, орманшылармен сөйлестік, олардың мәселелерін тыңдадық, қалай және нені жақсартуға болатынын талқыладық, – деді Рамиль Камалов.

Осылайша, вице-министр Абай облысында өткен оқу-жаттығуларды жоғары бағалады. Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Орман шаруашылықтарында өрт сөндіру техникасын жаңарту жалғастырылатынын айтты.

  • Біз штабта әлі де шешуді қажет ететін мәселелерді талқыладық. Орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасы қазіргі кездегі белгіленген нормаларға сәйкес келмейді. Осы күнге дейін резерватқа Экология Министрлігінен 50-ге жуық техника, сондай-ақ 150 шағын өрт сөндіру кешендері, трактор техникасы мен түрлі аспалы жабдықтар табысталды. Дегенмен, әлі де қайта жабдықтау қажет. Жылдар бойы ескірген техниканы бір жыл ішінде толығымен жаңарту мүмкін емес, десек алға жылжу бар”, – деп пайымдады Рамиль Камалов.

500-ге жуық адам қатысқан Оқу-жаттығудың практикалық барысы бірнеше кезеңге бөлінді.

  • Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың әртүрлі сценарийлері келтіріліп, қатысушылар оларды тиімді жою үшін өз дағдылары мен білімдерін қолданылды. Төтенше жағдайларға үйлестірілген және жедел жауап беруді қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің – полицияның, жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және басқалардың өзара іс – қимылына ерекше назар аударылды, – деді Димитрий Гариков.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары оқу-жаттығу кезінде өртке оранған кеңістікті бақылауға көмектесетін жаңа дрондар сынақтан өткендігін мәлімдеді.

  • Айта кету керек, мұндай ауқымды жаттығулар ел аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінде мұнда шатырлы қала құрылып, апаттар медицинасы орталығы және басқа да арнайы қызметтер тартылды. Бұдан басқа, облыстың ТЖД-дегі ұшқышсыз ұшу ұшақ аппараттарын қолданыста сынақтан өтті, – деп қорытындылады Димитрий Гариков.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button