Абай облысыТОП

Семей барлаушылары кешенді тексеруден өтті

Абай гарнизонының 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау топтарының әскери қызметшілері Қарулы күштердің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының кешенді тексерісінен өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіргеннен кейін барлау топтарының жеке құрамы жауынгерлік міндеттерді орындау ауданына жорық жасады.

Әскери қызметшілер тактикалық-арнайы, инженерлік, әскери-медициналық, мина-жарылғыш заттарды пайдалану іс-әрекеттер бойынша жеке сынақтарды, байланыс және әскери топография құралдары бойынша нормативтерді тапсырды.

Комиссияның басты назары бөлімшелерді басқару жұмысына, жауды мұқият барлауға, жасырын қозғалысқа, жергілікті жерде камуфляжға, диверсиялық-барлау іс-қимылдарын жүргізуге, рейд пен армиялық тактикалық ату жаттығуларын орындауға аударылды.

  • Тексеру 48 сағат бойы түраралық полигонда әртүрлі тапсырмаларды орындаған барлаушылардың тынығуынсыз және ұйқысыз жүргізілді. Барлаушылардың физикалық төзімділігі мен психологиялық жүктемелерін көтере білуі 15 шақырым жаяу жүру барысында толық киім-кешек пен қару-жарақпен тексерілді, – деп атап өтті 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Талап Бірбаланов.

Айта кету керек, арнайы мақсаттағы барлау топтары күрделі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button