22 наурыз сағат 00:00-ден бастап, Семей қаласында 11 cәби дүниеге есігін ашты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы күні дүниеге келген сәбилердің анасын құттықтау үшін, бүгін Семей қаласының перинаталдық орталығына барды.
Дүниеге есігін ашқан сәбилердің 5-і ұл, 6-ы қыз бала. Қала басшысы 00:47-де алғашқылардың бірі болып өмірге келген нәрестенің анасы Асем Жабелованы және перинаталдық орталықтың ұжымын Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Бүгін дүние есігін ашқан әр сәбидің жолы ашық, бақытты ғұмыр кешсін. Ата-анасына амандық тілеймін»,- деп өз ақжарма тілегін білдірді қала әкімі.
Semeynews.kz