ҚазақстанҚоғамПрезидент

Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады.

тоқаев
Фото: Ақорда

Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады.

Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Касым-Жомарт Токаев посетил церемонию открытия «Игр будущего»
Фото: Ақорда

– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ресей
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады.

Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.

«Фиджитал-концепцияға» негізделген турнирдің форматы физикалық белсенділікті, заманауи технология мен цифрлық ортаны ұштастырады.

ойын
Фото: Ақорда

Шоу барысында спорт, стратегия, тактика, технология, жылдамдық секілді 5 топқа біріктірілген сайыс түрлері таныстырылды.

Ойындардың бағдарламасына классикалық спорт түрлері мен олардың 21 цифрлық баламалары бойынша гибридті спорттық жарыстар енгізілген.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша турнирге 100-ден астам елден 2 мыңға жуық киберспортшы келген.

Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түседі. Жалпы бұл турнирге еліміздің 48 өкілі қатысады.

ақорда
Фото: Ақорда
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button