ҚазақстанМәдениетҚоғамТОП

ШҚО-да табылған 26 мың жәдігерлер еліміздегі мұражайлардың экспозицияларын безендіруде

Биылғы жылы «Ұлы алтын дала» көрмесі Ұлыбританияның Кембридж мұражайында көрсетілетін болады, деп хабарлайды Semey News.

Облыстық әкімдікте өткен отырыста өңір басшысы Даниал Ахметовтың хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда жетекші ғалымдар Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаев жетекшілік жасайтын археологиялық зерттеулер жалғасуда. Тарбағатай ауданындағы Елеке Сазы қорғанынан ең ірі олжа – 800-ден артық біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырға жататын алтын әшекейлер табылды. Сонымен қатар, б.з.д. 9 – 11 ғғ. сақтар Ақбауыр аумағында отырықшы өмір сүргенін бұлтартпайтын дәлелдер табылды.

  • Біздің ғалымдарымыз қазір қазақ мемлекетінің алғашқы кезеңі туралы трилогия бойынша жұмыс жүргізуде, өйткені бұл кезең тек үзінді ақпараттармен ұсынылған, – деді Даниал Ахметов. – Олар әлемнің жетекші кітапханаларына барып, сол кезеңге қатысты ақпараттармен танысады.

Шығыс Қазақстан аумағында археологиялық қазба жұмыстары тұрақты негізде студенттерді тартады, олар осындай тәжірибеге өте разы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button