ҚазақстанТОП

Цой Біртановпен қарым-қатынасы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның бұрынғы басшысы Елжан Біртановпен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Сіз министр болып тағайындалғанда, жылы лебіз білдіріп, Елжан Біртановқа денсаулық тіледіңіз. Қазір ол қылмыстық іске қатысы бар деп айыпталып отыр. Қазіргі қарым-қатынастарыңыз қандай?” – деп Нартай Аралбайұлы Цойға сұрақ қойды.

“Қандай жағдайда да біз әріптеспіз. Бірнеше жыл бірге жұмыс істедік. Мен оның басшылығымен вице-министр болып жұмыс істедім. Әрине, оны жақсы білемін. Қылмыстық іске қатысы бар екені айтылғанға дейін онымен сөйлесіп тұратынбыз. Қазір әркімнің өз бағыты болуына байланысты арамызда ешқандай қарым-қатынас жоқ. Бізде ешқандай түсініспеушілік жоқ. Әріптестерміз”, – деп жауап берді Алексей Цой.

Айта кетейік, сотта прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке аса ірі көлемде – 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар сомасында мемлекетке материалдық залал келтірді деген айып таққан болатын.

6 мамырда Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін 2021 жылғы 14 маусымға дейін ұзартылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button