Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Абай облысында ӘМСҚ мектеп өкілдерімен кездесу өткізді

Абай облысында мектеп өкілдерімен кездесу өтіп, онда жұмыспен қамту және әділ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиынға «ӘМСҚ» КЕАҚ облыстық филиалы, «БЖЗҚ» АҚ, «МӘСҚ» АҚ және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында халықты жұмыспен қамту, еңбек нормаларын сақтау, әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары талқыланды.

Қор филиалының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Рашида Ташкенова өз сөзінде жалпы филиалдың жұмысы және жұмыс беруші жарналарды уақытында төлемеген жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы айтты.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) сенімді. Егер құны бірнеше миллион теңгеге жететін операция болса, сақтандырылған науқас оны жарналар мен аударымдар сомасына қарамастан алады», – деп атап өтті Рашида Ташкенова.

Қосымша сұрақтар немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаған жағдайда, байланыс арналары арқылы Қорға өтініш жіберуге болады:
«Qоldau 24/7» мобильді қосымшасы;
fms.kz ресми сайты;
@SaqtandyrýBot Telegram желісі;
1414 байланыс орталығы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button