«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сақтандырылғандарды медициналық көмекке қосымша төлемдерден босатады»: «ӘМСҚ» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы.
Рашида Ташкенова Семей қаласында Мансап орталығының көмегімен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне белсене қатысты. Шарада барлық жиналғандар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетсек, қызметкерлер үшін жарналар мен аударымдарды төлеу жауапкершілігі жұмыс берушіге жүктеледі. Қорға жарналарды ай сайын ұстауға және төлеуге міндетті жұмыс беруші.
«Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу сақтанушыны медициналық көмекке қосымша төлемдерден босатады. Ең жиі қолданылатын ақылы медициналық қызметтерді, соның ішінде КТ және МРТ сияқты қымбат қызметтерді сақтандыру пакетіне енгізу арқылы қамтамасыз етеміз», – деп түсіндірді басқарма басшысы.
Сондай-ақ Рашида Ташкенова Мансап орталығымен ынтымақтастық бір ғана шарамен шектелмейтінін баса айтты. Біздің жоспарларымызға апта сайын МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты сапарлар кіреді.
Медициналық көмек алуда қиындықтар туындаған жағдайда Медициналық сақтандыру қорының 1414 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Semeynews.kz