Абай облысыҚоғамТОП

Аягөз ауданында 90 шақырым су құбырын тарту жоспарланған

Аягөз қаласын толығымен орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында екі жоба әзірленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жобаға сәйкес 90 шақырым су құбырын тарту жоспарланған. Биылдың өзінде қала ішінде 19 көшені қамтитын 37,5 шақырым су құбыры тартылды.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қарашасы деп жоспарланған. Мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС ұйымы.

Айта кетсек, Аягөз ауданында қазірдің өзінде 48 елді мекеннің 44-і ауызсумен қамтамасыз етілген, бұл елді мекендердің жалпы санының 92% құрайды. Елді мекендегі 30 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button