Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде екі кәсіпорын аумағында өрт болды

Семейде Qazaq Astyq Group ЖШС және «Агро серіктес инвест» ЖШС аумағында аумағында өрт болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қараша күні сағат 03:55–те Qazaq Astyq Group ЖШС аумағында өрт болып, «Агро серіктес инвест» ЖШС аумағында шарпыған. Тілсіз жаудың салдарынан минифургонның алдыңғы бампері, тоңазытқыш, жылжымалы контейнер, ағаш паллеттер мен пластмасса жәшіктер өртенген.

ТЖД мәліметтері бойынша өрт 06:29-да оқшауланып, 10:19-да сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 68 қызметкері және Абай облысы ТЖД 13 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ҚТЖ, Qazaq ASTYQ Group ЖШС МӨҚҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі өртті сөндіруге Qazaq astyq Group май экстракция зауытының күштері де белсенді қатысқанын атап өтті.

“Кәсіпорынның жеке өрт сөндіру бөлімінің 4 өрт сөндірушісі, кәсіпорынның 32 қызметкері, 1 автоцистерна, 2 тиегішт, 2 камаз, 1 ассенизаторлық машина өртті сөндіруге жұмылдырылды. Сондай-ақ Qazaq astyq Group мұнай экстракция зауытының қатысуымен қысқа мерзімде тілсіз жауды ауыздықтай алдық”, – деп атап өтті зауыттың баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Semeynews.kz 

Осы айдарда

Back to top button