Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

ЖІЛІНШІК СҮЙЕКТЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕН БАСТАП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАСАЛАТЫН ОСТЕОСИНТЕЗГЕ ДЕЙІН

Үржар көпсалалы аудандық ауруханасына МӘМС енгізу арқасында пациенттерге инновациялық хирургиялық операцияны алуға жол ашты. Мекеме тарихында алғаш рет жүргізілген жіліншік сүйектерін қалпына келтіру операциясы жүргізілді.

Оқиға Үржар ауданында орын алған. Пациент хирургиялық бөлімге адам төзгісіз ауырсыну жағдайында түскен.

“Ауруханаға жатқызғаннан кейін біз кешенді медициналық тексеруден өткіздік, рентгенографияны және хирургияға дайындау үшін барлық қажетті сынамаларды алдық. Содан кейін дәрігерлер бүкіл әлем бойынша осындай сынықтарды емдеуде “алтын стандарт” деп танылған сүйек ішілік жіліншік сүйектерінің остеосинтезін жүргізді”, – деп атап өтті жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігер Ернар Тоқтаров.

Науқас МӘМС жүйесінде сақтандырылған және барлық шығындар, соның ішінде қымбат операция қор арқасында өтелді. Травматолог бұл операция аудандық ауруханадағы ең күрделі оқиға болғанын, бұған дейін мұндай жағдайлар облыс орталығына жіберуді немесе санитарлық авиацияны пайдалана отырып тасымалдауды талап ететінін атап өтті.

Қазіргі таңда Абай облысы Семей қаласындағы Жедел жәрдем ауруханасының политравматология бөлімінде және Үржар ауылындағы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшелерінде осындай операциялар жасалуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button