Абай облысыДенсаулықҚоғамМерекеТОП

Бүгін біз офтальмолог күнін атап өтеміз!

Дәрігерлерімізге маңызды ағза көру қабілетіміздің қалыпты жұмыс жасауында баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс айтамыз. Озық технологияларды пайдалана отырып, заманауи офтальмологтар медициналық қызмет көрсетудің жоғары стандартын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу офтальмологиялық көмекті халыққа қолжетімді еткені белгілі. МӘМС шеңберінде тексерулердің, хирургиялық араласулардың және көз ауруларын аппараттық емдеудің барлық мүмкін түрлері жүргізіледі.
Абай облысында белсенді және кәсіби медициналық көмек көрсететін бірнеше офтальмологиялық клиникалар жұмыс істейді.

Офтальмологқа үнемі қаралу – көз денсаулығы мен жалпы әл-ауқатты сақтаудың негізі екенін есте ұстайық

Барлық офтальмологтарды кәсіби мерекемен құттықтаймыз және денсаулықты сақтаудағы маңызды жұмыстары үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button