Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде Сәтбаев көшесінің бойына жарықтандырулар жүргізілді

Ағымдағы жылы Семей қаласының орталық және шеткері аумақтарында 50-ге жуық көшеге жарықтандырулар жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жұмыс шеңберінде тозған бағаналар ауыстырылады, сынған шамдар ішінара жөнделді. Олардың арасында жағалау ауданындағы Сәтбаев көшесі, Жеңіс саябағы, Бейбітшілік аралы, Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік, шіркеу алдыңдағы алаң, аквапарк аудандары қосымша жарықтандырылды.

Сондай-ақ, Степной, Жоламан, Суық бұлақ, Шығыс, Мирный, Затон, Комсомол кентеріндегі бірнеше көшелерге жаңадан 1000-ға жуық жарық бағаналары орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.

Сіздердің назарларыңызға Сәтбаев көшесінде жүргізілген жұмысты ұсынамыз. Аталған көшеге 186 жарық бағаналары тартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button