Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Республика күніне орай әскери флешмоб өтті

Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының орталық алаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған музыкалық флешмоб өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мерекелік іс-шараға 90 сарбаз, оның ішінде әскери оркестр қатысты. Арнайы флешмоб кезінде сарбаздар сап түзеп, шеруге шығып, үйлесімді іс-қимылдар көрсетіп, әнұран орындады.

Әскери бөлімнің майоры Болат Айткалиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі.

Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай 200-ден астам мерекелік іс-шара өтетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button