Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Үржар ауданында екі пәтерлі 30 үй пайдалануға берілмек

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының Үржар ауданында 2020-2022 жылдар аралығында 136 пәтер салынып, кезекте тұрған жергілікті тұрғындарға пәтер берілген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ал, биылғы жылы Ақжар ауылында 22, Мақаншы ауылында 6, Науалы ауылында 2 екі пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Еске салсақ, бүгінде Үржар ауданында 1205 азамат баспана кезегінде тұр.

Абай облысында тұрғын үй мәселесін шешу басты міндеттердің бірі екенін атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button