Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі аға буынға алғысын білдірді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аға буынға алғысын білдірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ардақты аға буын өкілдері, жерлестер!

Сіздерді Халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Қарты бар ел – қазыналы ел» деген халық даналығы бар. Сіздердің тағылымды ғұмырларыңыз, дария ақылдарыңыз бен құнды кеңестеріңіз болашағымыз үшін аса қымбат. Себебі, «кейінгі толқын» өздеріңізге қарап бой түзейді.

Ұлттық салт-дәстүр мен тәрбиенің қайнар көзі, әрине, сіздер.
Сондықтан, xалқымыз ертеден-ақ ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. Атадан қалған аманатты ұрпақ бойына сіңіріп, қоғам игілігі жолында атқарған зор еңбектеріңіз үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Абай облысында зейнеткерлік жасындағы азамат саны 96 мыңнан астам, оның 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагері. Қарттарға қамқорлық жасау – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі ғана емес, бұл әрбір адамның парызы. Өйткені аға буын өкілдері – еліміздің алтын қоры, тарих пен дәстүр сақтаушылары.

Мемлекет үшін өзекті міндет – аға буын өкілдерінің денсаулығын, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатта Семей қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Абай облысының Ардагерлер орталығы ашылды.

Шаңырақтың берекесі мен мерекесі, ажары болған үлкендерге деген құрмет ешқашан ортаймайды.

Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button