Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамСемейТОП
Абай облысында алғаш рет «Бал жәрмеңкесі» өтті
Семей қаласында алғаш рет ауқымды облыстық бал жәрмеңкесі өтіп, оған 3 мың тоннадан астам бал ұсынылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараға Семей қаласынан – 3, Үржар ауданынан – 3, Бородулиха ауданынан – 2, Көкпекті ауданынан – 1 және Жарма ауданынан – 1 омарта шаруашылығы өкілдері қатысты.
Жәрмеңке қонақтары тегін балдың дәмін татуға мүмкіндік алды. Тұрғындарға өнімдер тиімді бағада ұсынылды.
Сондай-ақ омарташылар Абай облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Semeynews.kz