Абай облысыӘлемҚазақстанҚоғамСемейСпортТОП

XXV әлем чемпионатында семейлік параспортшылар үздік нәтижелер көрсетті

2023 жылғы 25-31 тамыз аралығында Алматы қаласында пара-армрестлингтен XXV әлем чемпионаты өтті, оған әлемнің 51 елінен келген пара-спортшылар қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жарыста Қазақстан Республикасының атынан Абай облысы білім басқармасының “№ 4 арнайы мектеп-интернаты” КММ оқушылары қатысты.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 9-сынып оқушысы Нұрмұхамедова Айдидар (І орын – оң қол; ІІ орын – сол қол) және 10-сынып оқушысы Игимбаева Арайлым (І орын – сол қол; ІІ орын – оң қол) Әлем чемпиондары атанды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button