Абай облысыҚоғамМерекеСемейСпортТОП

Абай облысындағы көлемді екі спорттық шара Абайдың туған күніне арналады

10 тамыз – Ұлы Абайдың туған күні елімізде жыл сайын “Абай күні” деп атап өтіледі. Бұл күні бүкіл елде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу әдетке айналған. Биыл осы атаулы күн қарсаңында Абай облысында – Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған жерінде екі үлкен спорттық іс-шара өтеді. Біздің жерлесіміз, белгілі марафоншы, ғалым және кәсіби спортшы Рамазан Салықжановтың жетекшілігімен “El Sport” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған “Семей – Жидебай – 100 миль” және “Семей – Бөрілі – 50 миль” ультрамарафондары өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Спорттық жарыстар Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және Alikhan Bokeikhan University қолдауымен өтеді

Өткен жылы Рамазан Салықжанов 10 сағат ішінде Бөрілі ауылына дейін 85 шақырым қашықтықта ультрамарафонды жүгіріп өтіп, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арнады .

Биылғы жылы Рамазан Саттарұлының басшылығымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіби жүгірушілер Семей қаласынан Жидебай шатқалына дейінгі қашықтықты 100 миль немесе 160 шақырымды  24 сағат ішінде жүгіруді жоспарлап отыр. Бөрілі ауылына дейінгі ультрамарафонға қатысушылар 50 миль немесе 80 шақырым қашықтықты 12 сағат ішінде жүгіреді.

Айта кету керек, бұған дейін біздің елімізде 160 км қашықтыққа есептелген жеңіл атлетикадан жарыстар болған жоқ. Алайда, мұндай қашықтыққа жүгіру тәжірибесі бар көптеген спортшылар бар.

Ультрамарафон 9 тамызда Семей қаласындағы “ABAI” халықаралық әуежайының алаңынан басталып, 10 тамызда – Жейдебай шатқалындағы Абай Құнанбаев музей-үйінің жанында аяқталады

Ультрамарафон аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға спорттық жарыстың демеушілері белгілеген наградалар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button