ҚоғамСемейТОП

“Жолда қабылдау” акциясы өткізіліп жатыр

2021 жылғы 21-22 мамыр аралығында Семей қаласының аумағында республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ШҚО ПД бірінші орынбасарының нұсқауы негізінде, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында және ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың нұсқауы негізінде 2021 жылғы  21-22 мамыр аралығында Семей қаласының аумағында  республикалық “Жолда қабылдау” акциясы өткізіліп жатыр.

Фото: ШҚО ПД

Карантиндік талаптарға  байланысты акция онлайн-режимде өткізілді, шара  аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша халыққа ақпарат беру, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Семей қаласының әкімшілік полиция бөлімі, КҚҚБ, ЖПҚБ, ППБ қызметкерлері көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша консультациялар өткізілді.

Осы акция шеңберінде Семей қ.ПБ, (ППБ, ЖТИБ,КҚҚБ, ӘПБ,ЖПҚБ) бастықтары мен қызметкерлері жұмылдырылып, полиция органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша  Семей қ. тұрғындарының сұрақтарына жауап берілді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button