
ШҚО ПД ЖПҚБ ақпараты бойынша, “Қару” ЖААІШ осы жылдың 20 мамырындағы жағдайда, 15 116 азаматтық қару иелерінің ішінен 2197, ал өткен тәулікте мекенжайы бойынша 504 адам тексерілді.
9240 шаруа қожалығы мен жайылым учаскелерінің 179 – ы тексерістен өтті.
Тексеру нәтижесінде заңсыз сақталған, тіркелмеген қарудың 16 бірлігі тәркіленді.
Тексеру нәтижелері бойынша 55 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде: 482 – бап бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін – 14; 484 – бап бойынша сақтау қағидаларын бұзғаны үшін – 45; 486-бап бойынша қайта тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін-10.
Барлық әкімшілік хаттамаларды аумақтық бөлімшелердің учаскелік инспекторлары толтырды.
Semey News