ҚоғамСемейТОП

Ағымдағы жылы Семейдің Ақбұлақ ауылына таза ауыз су беріледі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Ақбұлақ ауылында өткен кездесуінде ауыл тұрғындары көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ең өзекті –  таза ауыз су мәселесін көтерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда су құбырларын жүргізу жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен 482 млн 783 мың теңге қаражат бөлініп, «СпецСтрой груп ЛТД» мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 10 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын жүзеге асыруда.

“Күз маусымында су құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда, мамандармен арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктерді қарастырамыз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Бұдан бөлек шілде айының соңына дейін, ауылдық округте балалар ойын алаңы қолданысқа беріліп, орталық саябақты қоршау жұмыстары жүргізіледі. Алаңқай мен саябақ қоршауын орнату үшін келісім шарт «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымымен жасалды.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Ақбұлақ ауылында ангарлық спорт залы қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда “Еңбек-Семей” мердігер ұйымымен келісім-шарт жасалып, спортзалдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұрын Ақбұлақ ауылында спорт нысаны мүлде болмаған. Қала әкіміне ауыл тұрғындары жасалынып жатқан іргелі жұмыстар үшін өз алғыстарын жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button