Абай облысыБілімҒылымҚоғамСемейТОП

Семейлік оқушы үстел ойындарын автоматтандыруды ойлап тапты

Абай облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның 8-сынып оқушысы Мұратхан Ерасыл үстел ойындарын автоматтандыруды ойлап тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мақсаты: Arduino платформасын қолдана отырып, сенсорлар мен басқару құрылғыларының көмегімен “Вышибала” үстел ойынын автоматтандыру.

Цифрлық технологияның дамуымен көптеген адамдар әдеттегі үстел ойындарын ойнауды тоқтатты, олар компьютер мен экранды қалады. Үстел ойындары қиялды, тапқырлықты арттырады, санау мен логиканы, жылдам шешім қабылдауды үйретеді, есте сақтауды, риториканы, жалпы және ұсақ моториканы дамытады. Сондай-ақ бос уақытты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

  • Мен үстел ойындарын автоматтандыру үшін Arduino жүйесін қолдануды шештім. Қазіргі уақытта интеллектуалды жүйелерге деген қызығушылық артып келеді. Сондықтан көптеген мәселелерді қарапайым үстел ойындарын автоматтандыру арқылы шешуге болады. Автоматтандырылған жүйе ойын ережелерін сақтай отырып, нақты ұпай санын шығарады және нақты жеңімпазды анықтайды. Ойынға бөлінген уақыт ережесін нақты ұстануға үйретеді, – дейді оқушы.

Үстел ойындарын автоматтандыру үшін жасалған негізгі қадамдар:
– Үстел ойындарының тарихымен танысу және артықшылықтарды анықтау;
– Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– және үстел ойындарын автоматтандыру бағдарламасын таңдау;
– Arduino UNO микроконтроллер тақтасымен танысу;
– “Вышибала” үстел ойынын автоматтандыру.

Естеріңізге сала кетейік, Ерасыл мамыр айында өтетін фестивальге “Вышибала” үстел ойынын автоматтандыру” жобасын дайындап жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button