Сарғайған хаттар сөйлейді
Ұлы Отан соғысының тақырыбы біздің халқымыз үшін ерекше және сол жылдар бізден қаншалықты алыстағанымен, олар бұдан ұмыт қалмайды. Соғыс туралы көптеген құжаттық дәлелдердің ішінде сарбаздардың хаттары маңызды орын алады. Осы хаттар соғысқа оның тікелей қатысушыларының көзімен қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы тарихи құжаттама орталығының жеке қорында сақталған жүздеген майданнан келген хаттар біздің жерлестеріміздің майдандағы ерліктері мен сол кездегі батырлықты көрсетеді.
Ұлы Отан соғысының басталуымен миллиондаған отбасылар өздерінің жақындарынан алыстай түсті. Тек пошта жүйесі ұлан ғайыр байтақ ел тұрғындарына бір-бірін жоғалтпауға көмектесті. 1941 жылғы 1 шілдеде әскери далалық пошта құрылды. Ол КСРО-ның халықтық байланыс комиссариатының қарамағында болды және майдандық әскери-пошта сұрыптау пункттерінен, армия әскери-далалық базаларынан және жекелеген бөлімдердің штабтары жанындағы далалық пошта станцияларынан тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдарында пошта қызметімен ай сайын 70 миллионға жуық хат жеткізілді. Траншеяларда, блиндаждарда, ауруханаларда қарындашпен жазылған хаттарды оқи отырып, әр сарбаздың көңіл күйін, ата-ана, туған-туысқа деген ыстық сезімін көре аласың.
«Дала поштасынан» келетін хатты үйде қалған әке-шеше, бала-шаға асыға тосатын. «Дала поштасынан» келген ұлынын қол таңбасы бар үш бұрыш хатты әбден тозығы жетседе өзінің көзі жұмылғанша сақтаған ананың сағынышын сөзбен жеткізу қиын. Бұл хаттар туыстарына қара түнектегі жарық нүкте болды, олар жауынгердің жолдаған үшбұрыштарын өздерімен бірге үйден үйге алып жүрді, хаттар олардың жұмыс күндерін жарықтандырды, күш берді, жеңіске деген сенімдерін ұялатты, жұмысқа шабыт берді.
Хаттардың формалары әр түрлі болды, хаттар түрлі қағазға жазылды. Бірақ жауынгерлердің хаттарының көпшілігі – махаббат, үмітпен мұқият үшбұрышқа оралған дәптер парақтары болды.
Мәскеу гвардиялық Қызыл Ту атқыштар дивизиясының атқыш-радисті Николай Сырниковтың жеке қорында майданнан анасына жазған 50-ден астам үшбұрыш-хаттары бар. 1943 жылғы 19 наурыздағы хатында ол былай деп жазады: «Сәлеметсіз бе, анашым! Кеше біздің жауынгерлік өмірімізде бақытты кеш болды – біздің құрамаға Гвардия Туы берілді. Бүкіл жеке құрам неміс айуандарын одан да қатыгездікпен жоюға ант берді. Мен мақтанамын және гвардияшыл атағын абыроймен алып жүремін. Тылда одан да жақсы жұмыс жасаңыз, өйткені сіздің ұлыңыз майданда гвардияшы! Сүйдім. Николай». Николай Сырников 20 жасында, 1944 жылы 16 ақпанда Витебск маңындағы шайқаста қаза тапты. Осылайша Мария Кузьминична қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірген жалғыз ұлынан айырылды, ұлының артында қалғаны осы – кішкентай үшбұрыштар.
Майданнан жолданған хаттардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар, біреуі – қуанышты, екіншісі қайғылы. Туыстары мен жақындарына жолданған хаттар негізінен жеке сипатта болады. Соғыстың барлық қиындықтарына қарамастан, майдангерлер отбасыларына жазған хаттары сүйіспеншілікке толы және қамқор күйеулер, ұлдар мен әкелер болып қала берді. Олар өз туыстарының денсаулығы мен материалдық жағдайына, балалардың мектептегі жетістіктеріне қызығушылық танытты, болашақ бейбіт өмірге жоспар құрды.
Ұлы Отан соғысына қатысушы Г.С.Митрофановтың 1944 жылғы 28 тамыздағы хатынан: «Майданнан Сәлем. Сәлеметсің бе, Федя бауырым. Гена бауырыңның майданнан ыстық сәлемін қабыл ал. Федя, мен бүгін бірден 6 хат алғандықтан, қуанышымды қалай сипаттайтынымды білмеймін, оның төртеуі сенікі. Мен бұл хаттарды оқығаныма қаншалықты қуаныштымын және жүрегім «алға, алға» деп жауға ұмтылуда. Мен бұл хаттарды алғанға дейін жарты сағат бұрын қандай күйде болдым! Мен үлкен қайғыны бастан өткердім, мен Киевтің жанында Днепрде болды. Сол ұрыста мен ең жақын досым, бірге жауға шапқан – атымнан айырылдым, атсыз атты әскер болмайды. Бірақ мен өзім тірі қалдым, аман-саумын, жылқы табылар. Мен саған 2470 рубль жібердім, иә ата-анама 1030 рубль жібердім. Бәрі қымбат шығар. Мен азаматтық өмірді ұмытыппын, үнемі майдан шебіндемін. Сендердің хаттарың барлық жараларды емдеді, мен қайтадан күле бастадым. Бауырым, бәрін сипаттай алмайсың, өзің түсінесің, өзіңде көп соғыстың. Мен, гвардияда қызмет етемін және өзім гвардияшымын. Барлаудамын. Жұмыс айлакерлікті талап етеді, көбінесе алдыңғы шептен тыс, жаудың артында, олармен кездесуге тура келді. Бауырым, мен енді білдім, екеміз Киевті алған кезде жақын жерде соғысыппыз, бірақ біз Киевтің жанынан Житомирге тура өтіп, Житомирді алдық. Білесің бе, мен сенің тағдырың туралы білдім, саған қиын соғыпты. Енді қазір сенің басыңның үстінен атқылаған оқтар, снарядтар немесе гүрілдеген жау ұшақтарының ұшулары жоқ. Сен осымен бақыттысың. Бауырым, менде бақыттымын. Оқ та, снаряд сынығы да менің денеме тиген жоқ. Тек бір метр жерде жарылған бомбадан контузия алдым. Сен костюм де, сағат та жоқ деп жазасың. Бұл түкке тұрмайды, бізде неміс сағаттары жеткілікті. Біз тірі болайық, бұл туралы аз айтайық. Біз, дәлірек айтқанда, Польшаны азат етудеміз. Польша тұрғындары біздің армияны жақсы қарсы алуда. Енді анам мен бауырларыма, Вася мен Марусяға ыстық сәлем. Марусия үлкен болып қалған шығар. Эх, бауырым, мен бәріңе және қарт әжемді бір көрсем ғой, содан кейін өле беруге болады. Мен сендерді қатты көргім келеді, бірақ көре аламын ба, жоқ па, білмеймін. Барлық туыстар мен таныстарға үлкен сәлем және барлық қыздарға сәлем айт».
Кейбір хаттарда жауынгерлер болған жағдайдың сипаттамасы, майдан өмірінің егжей-тегжейлері бар. 1942 жылы 11 желтоқсанда Смоленск маңында шайқаста қаза тапқан 30-шы Қызыл Ту Рига атқыштар дивизиясының 35-ші гвардиялық танкке қарсы жауынгерлік дивизионының батарея командирінің орынбасары А.А.Сумцевтің хатынан: «Сәлеметсіздер ме, қымбатты Валя мен Мишутка! Кеше сіздерден хат алдым. Өмір солай жалғасуда, ерекше ештеңе жоқ. Демалысқа келетін болсам – иә, демаламыз, егер солай айтуға болатын болса. Рас, ұлыған дыбыстар мен снарядтардың жарылуына қатты ұқсайтын дыбыстарды алып тастаса артық болмас еді, содан кейін жағдай айқынырақ болар еді, ал қазір, бәрібір, әрекет етуші армия және басқа ештеңе жоқ, егер біреу істен шыққан болса, онда бұл төтенше жағдай деп саналмайды. Міне, саған демалыс. Радиодан жаудың жеңілгенін, фашистік армияның қалдықтары қаруын тастағанын естігенде, Ұлы Отан соғысы фашистік ордалардың толық жеңілісімен аяқталғанда, демалыс болады. Сонда біз демаламыз. Қазір кейбір сәтсіздіктер бар, бірақ онсыз болмайды. Барлығы өтеді, тек бір нәрсе анық: біз жеңеміз. Бұл паразиттер, әрине, соңғысына дейін көтеріледі, бірақ бұл ештеңе емес. Шыдамдылық қажет және бәрі жақсы болады. Тек сіздер біздерді ұмытпаңыздар, аянбай еңбек еріңіздер, сонда бәрі жақсы болады. Сізге тағы не жазуға болады, менің туғандарым.
Жаңбыр құйып тұр, жақында жаз бітеді, бірақ күн ысымай тұр. Бірақ Термезде қатты ыстық тұр. Біз жер астында көртышқан сияқты өмір сүреміз. Бәріне үйреніп қалған сияқтымыз. Біз жиі күлеміз, кейде, әрине, көңілсіз боламыз… Мұнда уайымдауға уақыт болмасада, арасында ұзақ уақыт бойы хаттар болмаған кезде көңілсіз күй кешеміз. Иә, адамдар қазір ұмытылмас күндерді бастан өткеруде. Бұл жадымыздан кетпейді ғой, дегенмен соғыстан кейін тағы жүз жыл өмір сүргің келеді. Міне, бәрі осы. Миша маған жазбады ғой. Ол тентек шығар, анасын тыңдамайтын шығар. Сау болыңдар. Сендерді сүйдім. Сендердің әкелерің және Саша».
Хат авторлары өздерінің ерліктері мен жауынгерлік марапаттарын қарапайым айтып тұрды. 96-шы гвардиялық атқыштар полкінің саяси жетекшісі Нұртаза Машпиевке ауыр жараланғаннан кейін комиссар болған досының хатынан: «Сәлеметсің бе, Нұртаздың досы! Қалай демалап жатырсың, достым, жараң қалай жазылуда? Өкінішке орай, ұзақ уақыт бойы қарғыс атқан фашистік минасының жарылуынан зардап шегесің. Ештеңе етпейді, шыда, казак, атаман боласың, осындай орыстың халық сөзі бар. 1 мамыр мерекесін қалай өткіздіңдер? Біз мерекені жақсы өткіздік. Мереке қарсаңында біз майданның алғы шебінен сен жараланған жерге демалуға шықтық, енді біз орманда тұрмыз, демалудамыз (біз Юхнов маңындағы ауылдамыз). Әлбетте, бір ай демалып, содан кейін қайтадан Берлинге дейін жүреміз. Бізді жаңа бөлім алмастырды.
Мен 4 мамырдағы «Правданы» оқыдым – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының біздің дивизияны Қызыл Ту орденімен марапаттауы туралы Жарлығы. Сол газетте полковник Коротковқа генерал-майор атағы берілді. Сонымен, сенде Қызыл Ту дивизиясының саяси қызметкерісің. Осы еңбектің басым бөлігі, жеке саған тиесілі, қымбатты досым, Нұртаза Машпиұлы. Бізде басқа жаңалықтар жоқ. Біз демалып алып, жаңа күш жинап, содан кейін неміс иттерін Батысқа қарай қуатын боламыз, сонда бізде жаңалықтар болады. Мен саған жазуға уәде беремін. Жарайды, денсаулығың қалай сенің? Жақсарып жатыр ма? Қайда барасың, кімдер келіп тұрады? Бұл қаланың адамдары қалай өмір сүреді? Көбірек жаз. Ал, сау бол. Барлық жігіттерден сәлем. Сенің досың».
Сағат сайын өмір мен өлімнің арасында жүрген майдангерлер Жеңіс күнін жақындатуға тырысқан жақындарын моральдық тұрғыдан қолдау, жігерлендіру үшін рухани күш таба білді. Кеңес Одағының Батыры, 143-атқыштар дивизиясының 487-атқыштар полкі батальонының командирі Даниил Михайлович Синицын 1945 жылы 2 мамырда туған жеріне хат жазды: «Берлиннен сәлем! Міне, бүгін мен үстел үстінде жазып отырмын. Майдан штабы жіберген бөлімге келдім. Жаңа ғана ауқаттанып болып, осы хатты жазып отырмын. Бұл жерде мен шамамен 5 күн боламын, содан кейін өз бөліміме барамын – 64106 далалық пошта. Кеше келген бойда мамырды өте жақсы қарсы алдық. Менің жүздеген портреттерім қаланы және біздің армия орналасқан жеке бөлмелерді безендіруде. Сенің менімен бірге болмағаның өте өкінішті, мен сендер туралы ештеңе білмеймін. Сүйкімді Клава! Жақында сен менімен бірге болатын күн келеді, ал біздің балалар бізбен бірге болады! Бұл күн және одан кейінгі барлық уақыт сенің бүкіл өміріңнің ең бақытты дәуірі болады, ал сенің өміріңдегі өткен қиын кезеңдер бақытпен еселенеді. Мені күт, мен қайтып келемін. Балаларға сәлем: Ваня, Коля, Вова және кішкентай Галочкаға! Мен фотокартамды жіберемін. Бұл мені «Қызыл Армия» газетінің тілшілері суретке түсірді. Мойындау керек, бұл фототілшілерден жалықтым, мен күн сайын КСРО-ның әртүрлі газеттеріне суретке түсуден жалықтым. Клавочка! Бұл фотодан сен менің өте қартайғаныма және ұсқынсыз болғаныма, денсаулығымды жоғалтқаныма және өзіме ұқсамайтыныма көз жеткізесің. Немістердің маған жасаған ондаған жаралары өздерінікін білдіруде. Ештеңе етпейді! Мен бәрін жеңемін. Жақында кездесеміз және сен менің барлық шаршағанымды байқамауың мүмкін. Бәрі осы. Менде жаңалық жоқ. Туыстар мен таныстарға сәлем айт. Сені қатты-қатты сүйдім және тезірек кездесуге құмармын. Кеңес Одағының Батыры майор Д.Синицын».
1945 жылғы 15 қаңтарда Даниил Михайлович Ольшевница елді мекенінде (Легьоново қаласының солтүстік-батысында, ПХР) жаудың қатты күшейтілген қорғанысын бұзып, шабуыл батальондарын басқара отырып, жау қорғанысын жылдам бұзуды қамтамасыз етті және оны қудалауды ұйымдастырды, бұл Висла өзенінен дивизия бөлімшелерінің өтуіне ықпал етті.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың куәгерліктері бойынша пошта станциялары, машиналар оққа ұшып, пошта тасымалдаушылары қаза тапқан жағдайлар болды. Бірақ сақталған хат-хабарлар одан ары жолданып, өз адресаттарын тапты. Майдан хаттары – арнайы құжаттар.
Уақыт өтті және олар біздің тарихымыздың беттерін оқи алатын мұрағаттық құжаттарға айналды. Туыстары сол сарғайған үшбұрышты хаттарды, олар туралы естеліктер қалса, онда Отан үшін жандарын берген балалары тірі болады деген зор үмітпен мұрағатқа тапсырды.
Semeynews.kz