Абай облысының әкімі тұрғындарды Ораза айт мейрамымен құттықтады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мереке — Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Осы мереке күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.
Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ораза айт құтты болсын!
Semeynews.kz