Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Семейде ардагерлер хорының 55 жылдық мерейтойы атап өтілуде

Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Бабалар ізімен» айлығы аясында, Семей қаласының халықтық соғыс және еңбек ардагерлерінің хор ұжымының 55 жылдық мерекелік концертімен басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

1968 жылы 1 сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагерлері қиын-қыстау жылдарды еске алу үшін және рухани әндерді орындау мақсатында халықтық соғыс және еңбек ардагерлерінің хор ұжымын құрды. Ұжымның құрылу мақсаты да еліміздің жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделген. Хордың тұңғыш көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-інің мәдениет қызметкері, музыкант, дирижер Михаил Львович Кореньков.

Соғыс және еңбек ардагерлерінің хор ұжымы 55 жылдан бері қаламыздың ресми және патриоттық тақырыптағы іс-шараларына белсенді қатысып келеді және өнердің дамуына өз үлесін қосуда. Ұжымның жетекшісі-Барабанов Александр Иванович. Соғыс және еңбек ардагерлер хор ұжымы қалалық ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен қалалық және облыстық деңгейде өткізіліп отыратын патриоттық әндер сайыстарының бірнеше мәрте жүлдегерлері. Отан, ел, жер және рух туралы әндер орындау арқылы көрермендердің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды. Қазақстан Қарулы Күштері қатарына шақырылушылар апталығында ұжымның бірлескен күш-жігерімен жастарға патриотизм сезімін ояту мақсатында кездесулер мен музыкалық бағдарламалар өткізілетін болады.

9 сәуірде өткен мерекелік кештің концерттік бағдарламасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған көркем нөмірлермен безендірілді. Іс-шараны ардагерлер кеңесі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Бабалар ізімен» айлығы 9 мамырға дейін жалғасатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button