Абай облысының киіз үйі Шымкентте бас жүлдені жеңіп алды

20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының жалауын көтеріп барған Білім Басқармасы тіккен шаңырақ 170 киіз үйдің ішінен үздік атанып, бас жүлдені қанжығаларына байлады!
Мәдениет және спорт министрі мен Шымкент қаласының әкімі “Үздік киіз үй” Гран-при марапатын табыстады.
Айтулы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен басқа, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжан елінің өкілдері қатысты.
Айта кету керек, ұлттық өнер көрсетуде Ұлы Абайдың рөлін Абай ауданының әртісі Космонавт Төлеухан сомдап, Шымкент қаласының тұрғындарының ризашылығына бөленді.
GREAT QAZAQ GAMES
Шымкент қаласында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында «GREAT QAZAQ GAMES» республикалық этнофестивалі өтті.
Big Qazaq Games – көшпенділердің ұлттық кодымен Олимпиада ойындарының аналогы.
Мега жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау,
бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының
өнерін, қабілетін бағалау, қолдау, құрметтеу, оңтүстік өңірдің сән-салтанатын арттыру, өңірлердің
өзара достығын, қарым-қатынасын нығайту болып табылады.
Фестиваль аясында
«ŪLTTYQ TAĞAM» (бесбармақ, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат)
«ŪLTTYQ OIYNDAR» (көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ,
қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату)
«ŪLTTYQ KIIM» (ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия)
«ŪLTTYQ ÖNER» (айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би.) және
«ЕҢ ЖАҚСЫ КИІЗ ҮЙ» 5 негізгі номинациялар бойынша жарыстар өтеді, онда ең мықты спортшылар
(ұлттық ойындар), халық өнерінің шеберлері (ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, музыканттар,
қолөнершілер және т.б.) қатысады.
Іс-шара өтетін жерде 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл тігіліп, сауда алаңдары, балалар аймақтары, интерактивті іс-шаралар (тағам, өнер, сән көрсетілімі) сияқты түрлі ойын-сауық шаралары өтті.
Semeynews.kz