Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қошқармен 110 отырып-тұрды

Наурыз мерекесіне қала тұрғындары ұлттық, спорттық іс-шараларға белсенді қатысты. “Махамбет Өтемісұлы” ауылында дене шынықтыру мұғалімі жаңа рекорд орнатты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тірі қошқардың иығына салып отырып-тұру жастардың қызығушылығын тудыратын ежелгі ұлттық жарыс. Сондықтан “қошқар көтеру” кезінде қатысушылар мен жанкүйерлер арасында ерекше атмосфера орнады.

Бұл сынақ әрқайсысының қолынан келген жоқ. Жеңіс Азамат Төкенұлына бұйырды, ол 110 рет иықтағы қошқармен отырып-тұрды, бас жүлдені жеңіп алды. Азамат Төкенұлы №2 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button