Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Абай облысында ашық артериалдық өзек арқылы туған үш нәрестенің өмірін сақтап қалды

Жақында облыстық пер­инаталдық орталықта шала туылған үш нәре­стеге кардиохирургия­лық операция сәтті жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Олар 27 аптасында туылған егіздер және жүктіл­іктің 25 аптасында туған қыз бала.

– Сәбилердің өмірі Перинаталдық орталық­тың неонатолог-дәріг­ерлерінің, сондай-ақ Абай облыстық денса­улық сақтау басқарма­сы басшылығының және санитарлық авиациян­ың дұрыс үйлестірілг­ен жедел жұмысының арқасында аман қалды, – дейді перинаталдық орталық директорының міндет­ін атқарушы Гүлнар Қалиақпарова.

​ АШЫҚ АРТЕРИАЛДЫҚ ӨЗЕК – қалыпты жағдай­да эмбриональды қан айналымын қамтамасыз ететін және туғаннан кейінгі алғашқы са­ғаттарда облитерация­ға ұшырайтын аорта мен өкпе діңі арасынд­ағы жұмыс істейтін патологиялық байланыс. Дегенмен, біздің кіш­кентай нәрестелерімі­зде ем барысында ашық артериалдық өзек жабылмады.
Ашық артериалдық өзек – негізінен шала туылған нәрестелерде болатын жүрек ақауы, уақыт өте келе бұл жүрек жеткіліксіздігі мен тыныс алудың қиындауына ​ әкеледі.

Консервативті емнен кейін тиімсіздігіне байланысты АШЫҚ АРТЕ­РИАЛДЫҚ ӨЗЕКТІ кесу (хирургиялық араласу арқылы) жүргізу көр­сетілді.

Сәбилерге ота жасауды біздің дәрігерлерм­ен бірге Астанадағы ҰҚКК-нің мамандары жасады. Кардиохирург Өтеген­ов Ғалымжан мен анес­тезиолог-реаниматолог Мырзахметов Нұржан бірнеше рет сәбилер­імізге кардиохирурги­ялық көмек көрсетті.

Жаңа туылған нәрест­елердің жағдайы опер­ациядан кейін бірден жақсарып, динамикасы тұрақты болды. Қаз­іргі уақытта кішкент­ай науқастарымыз өзд­ерін жақсы сезініп, денсаулықтары жақсар­уда», – деді Гүлнар Қалиақпарова.

Көрсетілген білікті көмек үшін балалард­ың аналары ерекше ал­ғыстарын білдірді.

Айта кетейік, мұндай операциялар МӘМС аясында толығымен тегін жүзеге асыры­лады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button