Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат өзекті мәселелерді шешуге ниетті
№11 бір мандатты округ бойынша Семей қаласы мәслихатына депутаттыққа кандидат Айбек Еңсеханов әлеуметтік мәселелермен күресуге ниетті.
“Мен өзімнің кандидатурамды қалалық мәслихат депутаттығына ұсыну себебім – күн сайын айналамыздағы, бірақ шешілмейтін мәселелермен күресу. Мен қаланың сол жағалауында өстім, сол жақта тұрамын және жұмыс істеймін. Неліктен қалалық мәслихат депутаттығына ұсыну үшін мен оң жағалаудағы сайлау округін таңдадым?
Бала күнімнен бастап туған қаламды, табиғатын, Ертісті шын жүректен жақсы көремін. Жарыстан үйге оралғанда, бірінші кезекте қаланы аралауға шығатынмын. Жас кезімде мен Семей қаласының түкпір-түкпірінде болдым. Мен әрқашан таңқалатынмын: неге Ертістің жанындағы көркем жерде орналасқан Пристань ауданы осындай жағдайда? Жолсыздық, құшақ жетпейтін шалшықтар, көше жарықтарының болмауы, әр жерде қоқыстар тау болып үйіліп жатыр”, – дейді кандидат.
Міне, содан бері көптеген жылдар өтті. Соңғы жылдары Семей билігі жеке сектордың проблемаларына назар аудара бастады, олар бұрын назар аудармайтын. Қаланың әртүрлі аудандарында жолдарға асфальт төселіп, көше жарықтары орнатыла бастады, бірақ барлық жерде емес. Осындай қаланың ұмытылған аудандарының проблемаларын мәслихат депутаттығына кандидат Айбек Еңсеханов шешуге бар күшін салуға ниетті.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Semeynews.kz