Абай облысыҚоғамСемейТОП
10 наурызда Семей қаласы әкімінің Казкрай, Таткрай және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 10 наурызда Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Казкрай, Таткрай аудандарының және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен кездесу өткізеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесу 2023 жылғы 10 наурыз сағат 15:00-де Торайғыров көшесі, 121 «А» мекенжайындағы № 16 жалпы орта білім беру мектебінің ғимаратында өтеді. Кездесуге қалалық әкімдік бөлімдерінің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысады.
Кездесу аяқталғаннан кейін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Сондай-ақ, Семей әкімі баспасөз қызметінде осындай кездесулер жыл бойы қаланың барлық аудандарының тұрғындарымен өткізілетінін хабарланды.
Semeynews.kz