Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі аруларды мерекмен құттықтады

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті ханымдар!

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетіп, батыр өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел.

Отан отбасынан басталады демекші, тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы!

Бүгінде, әйелдер қауымы, қоғамның барлық саласында, белсенді, беделді, бағалы!
Сіздер, Абай елін қайта түлетіп, қасиетті өңірімізге сән беріп, оның дамуына, зор үлес қосып келесіздер.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button