Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде кәріз коллекторында апатты жағдай орын алды

Кеше, 3 наурызда, қардың қарқынды еруі және ұзақ жаңбыр түріндегі қолайсыз ауа-райына байланысты коллекторлардағы су көлемі күрт көбейіп, жүктеме артты. Нәтижесінде кәріз коллекторында апаттық жағдай орын алып, “Цементник” стадионы ауданы, Би-Боранбай көшесінде су басты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі уақытта қалалық қызметтер апатты жою және суды сору бойынша жұмыстар жүргізуде, ажыратулар жоқ. 4 кәріз бригадасы (12 адам) жұмыс істеуде, арнайы техника: 1 мотопомпа, 7 бірлік ас-машинасы, 1 тиегіш.

Су басу орнында қала басшылығы болды, бөлімдер мен авариялық қызметтердің басшыларына бұл мәселені тез арада шешу жөнінде тапсырмалар берілді.

Жағдай бақылауға алынды.

Коллектордың қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, жұмыстар екі ауысымда үздіксіз жүргізілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button