Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Медициналық сақтандыру қорының басшысы Абай облысы аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізуде

2 наурызда медициналық сақтандыру қорының Абай облысы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Аягөз қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлеріне есептік кездесуі өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары, «Аягөз ауданының көп бейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері және «Қазығұл» мекемесінің бас дәрігері қатысты.

Ғалымжан Нұржаубайұлы өз баяндамасы аясында азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы мен қолжетімділігі туралы ақпараттандыру мәселесіне баса назар аударды.
Аягөз аудандық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының мәліметінше, сақтандырылған азаматтардың қатарын арттыру мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, медицина қызметкерлер МӘМС тақырыбы бойынша тестілеуден өтеді.

Жыл басындағы сақтандырылмаған халық саны 9757 адамды құрады. (оның ішінде қалада – 5111, ауылда – 4646 адам). Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 60 миллион теңгеден астам қаржы игерілді.

Өз кезегінде, Абай облысы денсаулық сақтау мекемесі басшысының орынбасары Таңатарова Гүлназ Нұрсолтанқызы медицина қызметкерлері арасында халыққа сапалы медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button