Көкпекті ауданының «Балерка» бөбекжай-балабақшасында “Ұлттық мұрам қазынам” атты балаларға арналған ұлттық танымдық бөлме ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
-Қазақтың ұлттық кодын бала бойына қазірден сіңіру – негізгі мақсат. Жаңа заман үдерісінен қол үзу емес, қайта сол ағыспен жүре отырып, қазақилықты сақтай білу. Осыны негізге ала отырып, біз қазақ бөлмесін бірнеше бөлікке бөліп аштық, -дейді балабақша директоры Айнұр Алатайқызы.
Балабақшадағы ертегілер бұрышында балалар ертегіні заманауи QR код арқылы көре алады. Ойша қиялдау дағдыларын аудио ертегісі арқылы дамытады.
Киіз үй бөлігінде балалар қазақ халқының ұлттық баспанасымен танысып, тұрмыс – тіршілігінен хабардар болады.
Жеті ата бұрышында балаларға шежіре, жеті ата жайлы түсінік беріледі.
Ұлттық ойындар бұрышы балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар киіз басу, жүн түту бұрыштары балаларды ұлттық өнерге баулып, ұсақ қол моторикасын дамытып, шыдамдылыққа үйретеді.
Semeynews.kz