Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарға ескертеді!

Семей қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Сергек”аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Сергек” АӨК орнатудың негізгі мақсаты қылмыстардың жолын кесу және ашу, қоғамдық орындарда және жеке меншік объектілерінде халықтың қауіпсіздігі мен қорғалу деңгейін арттыру, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қолдану болып табылады.
Сіздерден, жол қозғалысы, жеке қауіпсіздік және көлік тәртібі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұраймыз. Барлық қабылданған шаралар, ең алдымен, азаматтарымыздың өмірін, денсаулығын қамтамасыз етуге, мүлкін сақтауға бағытталған.
Semeynews.kz