
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғарыда аталған аудандардағы тау бастарында 13 ауылдық мекенге қауіп төндіретін 146 мореналық көлдер қалыптасқан. Жыл сайын мамандар қауіпсіздік мақсатында көлдер әлі мұздан ашылмаған кезден бастап және толығымен ашылғанға дейін сел қаупін бақылау үшін аэровизуалды зерттеулер жүргізеді.
Биік таулы мореналық көлдерді жыл сайынғы зерттеу нәтижелері, морена – бөгенді және күңгірт көлдер негізінен тау жыныстарынан тұратын тұрақты су сақтайтын жоталарға ие екенін көрсетеді. Олардың серпілісі айтарлықтай сейсмикалық әсер еткенде ғана пайда болады.
Облыста көшкін қаупі бар 9 учаске бар. Олар, негізінен Риддер қаласындағы – Громотуха, Уба, Алтай ауданындағы – Бұқтырма, Хамир, Черновая, Қатонқарағай ауданында – Бұқтырма, Зайсан ауданындағы – Кендірлік өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері.
Селдің қауіпсіз өтуіне дайындалу үшін, көшкін қаупі бар кезеңде Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазселденқорғау» ММ филиалымен бірлесе отырып сел және көшкін аумақтарындағы облыстың инфрақұрылысын және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын құрды. Өзен арналары, лай көшкіні және көшкіннің қауіпті аймақтары бойында жоспарланған жерүсті және аэровизуалды зерттеулер жүргізу кестесі жасалды. Мореналық көлдерде батиметриялық жұмыстар жоспарланды. 46 сел қауіпті аймақтарындағы ескерту және тиым салу қалқандары және көшкін қауіпті учаскелердегі 18 қалқан қондырғылары орнатылды. Лай және көшкін қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына және кәсіпорындардың басшыларына, құрылыстары мен құрылымдары ықтимал сел қаупі бар аудандарда орналасқан жеке үй иелеріне 32 ұсыныс-хабарламалар берілді.
Жоспарға сәйкес 15 мамырдан бастап, сел, көшкін жағдайына мониторинг жүргізу үшін, жыл бойы жұмыс істейтін 3 тұрақты өлшеу бекеттерінен басқа, 9 маусымдық өлшеу бекеттері және 1 су маршруты ашылды.
Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюдың іс-шаралары жоспарына сәйкес облыс аумағында күштер мен құралдар топтастырылды. Оның құрамына жеке құрамнан 547 адам, 77 бірліктегі техника, 15 бірліктегі тіркеме және 122 бірліктегі жылжымалы мотосорғылар, 30 бірліктегі жүзу құралдары кірді.
Қазіргі таңда облыс аумағында сел және көшкін жағдайы тұрақты, барлық сел қауіпті аймақтар «Қазселденқорғау» ММ филиалы мамандарының бақылауында, ШҚО ТЖД күштері мен құралдары үнемі дайын жағдайда.
Semey News.