ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

Өскеменде сотқа “мина қойылды”

Полицияға қалалық сот ғимаратында жарылғыш құрылғы қойылғанын хабарлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz BaigeNews.kz сілтеме жасап.

“6 ақпанда сағат 15:50 шамасында Қ.Қайсенов, 55 көшесіндегі ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабар келіп түсті”, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратында. – Қауіпсіздік мақсатында адамдар эвакуацияланды. Тексеру жүргізілуде.

Аталған мекенжай бойынша азаматтық істер қаралатын Өскемен қалалық соты орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда белгісіздер № 11 орта мектепке де жарылғыш зат қойылғаны хабарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button