«Елімайдың» шәкірті «Кельн» ФК академиясындағы оқу-жаттығу жиынына іріктелді
Қаңтар айының соңында Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында испандық «Барселона» мен немістің «Кельн» сияқты әлемдік академиялардың жаттықтырушыларының жетекшілігімен іріктеу жиыны өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 23 жасқа дейінгі 110 бала қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша шетелдік сарапшылар екі жігітті таңдады, олардың бірі Семей футболының және «Елимай» ФК шәкірті Дінмұхаммед Тілегенов болды, біз оны құттықтаймыз!
Енді 19 наурызда Дінмұхаммед Германияға «Кельн» футбол клубының оқу-жаттығу жиынына аттанады. 13 жастағы жас футболшы орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды.
Келісімшартқа қол қойып, Бундеслига сияқты әлемдік футбол стандартындағы элиталық чемпионаттына кетуіне тілектеспіз.
Semeynews.kz