Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған “Яндекс” жүргізушісі ұсталды

Семейде бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған “Яндекс” жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шаралар барысында қала орталығындағы Дулатов көшесінің бойында 28 жастағы “LADA 2111” маркалы көлік құралының жүргізушісін тоқтатты, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметі заңсыз екендігі, сонымен қатар автокөлік жүргізушісі бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта такси жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 612-бабының 4-1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, аталған баптың санкциясымен 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Көлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button