Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде жасөспірімді көлік қақты
Семейде жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспсөз қызметінің хабарлауынша, 20 қазанда Глинки көшесінде LADA 2114 көлігін тізгіндеген 33 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірім қыз баланы қағып кетті.
“Кәмелетке толмаған жаяу жүргінші зардап шеккен жоқ, оны дәрігерлер тексеріп, ата-анасына тапсырды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК 600-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Айтып өтейік, бұл бұзушылық он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады
Semeynews.kz