Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында 13 жастағы қыз бала көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

Абай облысының ТЖД қызметкерлері көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қазанда сағат 09:00 шамасында автокөлік көпірінен (“ескі көпір”) адам секіргені туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, өзенде 2009 жылы туған қызды тапты. Олар жасөспірім қызды судан алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық.
Мұндай әрекетке баруының себебі әзірге белгісіз.

Абай облысының ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button