ҚоғамҚылмысТОПШҚО

Риддер тұрғыны 7 келіден астам қарасора өсірген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ауласында 67 қарасора бұтасын өсірген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддер қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері өз ауласында 67 түп қарасора өсірген 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Риддерлік азамат есірткі өсірген деп күдіктелуде. Ұсталған адамның тұрғылықты жеріне дереу тінту жүргізу барысында үйдің аумағынан 67 өсімдік бұтасы табылды, олар сараптама көрсеткендей, қарасора тұқымдас өсімдіктер болып шыққан және есірткі затына жатады.

“Есіртетін шөптің” жалпы салмағы 7 350 грамды құраған.

35 жастағы үй иесі түсіндіргендей, ол қарасораны жеке пайдалану үшін өсірген.

Қылмыскер “бағбанға” қатысты – ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button