ВизитҚазақстанҚоғамСаясатТОП

Ақордада Қытай басшысы Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Қытай басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бұған дейін таратылған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button