Семейде марафонға байланысты бірқатар көшелер жабылады
Осыған байланысты 18 қыркүйекте сағат 8.00-ден бастап бірқатар көшелер жабылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жүгіру Абай алаңынан басталады және Абай көшесімен, аспалы көпір, Тұрлыханов, сол жағалаудағы айналма жол, Тәңірбергенов, автожол көпірі (“ескі көпір”), Абай көшесіне шығатын Шмидт көшелерімен өтеді. Марафонды өткізу кезінде аталған көшелер жабылады.
Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды. Әуезов даңғылы мен Бозтаев көшесінен сол жағалаудағы айналма жолға жол жабылады. Бұл көшелердің тұрғындарына Селевин көшесі арқылы, одан әрі Рыков көшесі немесе Автодорожная арқылы Рысқұлов көшесіне шығу қажет. Содан кейін Спартак немесе Карменов көшелері арқылы Глинка, Докучаев және Би Боранбай көшелеріне аспалы көпірге шығуға болады. Одан әрі Абай көшесінен басқа барлық көшелер ашылады.
Абай көшесімен жүріп өтушілерге Найманбаев немесе Дулатов көшелерін айналып өтуді жоспарлау қажет. Аспалы көпір арқылы оң жақтан сол жағалауға өтетін автокөлік үшін жүгіру кезінде қозғалыс уақытша тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды!
Semeynews.kz