Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы үш бөлмелі пәтер беріледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалды.

«Abai Aqparat» редакциясы Абай облысы ТЖД басшылығымен байланысып, сұхбат барысында «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына Қарағайлы ықшам ауданынан үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді.

Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Оның артында бес баласы қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттауға ұсынды.

«Фирма Азия» ЖШС ұжымы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button