Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде Ертіс өзенінде гидроскутер аударылып қалды
Семейде Ертіс өзенінде екі адам отырған гидроскутер аударылып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қыркүйекте сағат 15:50-де кезекші пультіне Ертіс өзеніндегі Мирный кенті ауданында ер адам мен әйел гидроскутерден аударылғандары туралы ақпарат түсті.
“Оқиға орнына келген құтқарушылар, ер адам мен әйел гидроскутерге ұсталынып, ағынмен кетіп бара жатқанын көрді. Құтқарушылар оларды судан жағаға шығарды. Адамдар аман”, – делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және “Вельбот” қайығы жұмылдырылды.
Semeynews.kz