Абай облысыҚоғамМәдениетТОП
Абай облысында ақын Нұрлыбек Баймұратұлына ескерткіш орнатылды

Абай облысында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек Баймұратовқа ескерткіш орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аймақ басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бесқарағай ауылының Омбы-Майқапшағай тас жолының бойында Қарабас ауылының тумасы Балтабек Наурызбаевтың демеушілігімен Н.Баймұратовқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу өтті.
Қазақтың халық ақыны, ақын, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек Баймұратұлы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 1957 жылы оның көптеген өлеңдері мен әндері енген шығармалар жинағы жарық көрді.
Semeynews.kz