Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде көлік аударылып қалды

Семейде жеңіл автокөлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 шілде күні сағат 09:00 шамасында болға.

“45 жастағы ГАЗ 31105-100 жүргізушісі Жангелдин — Пархоменко көшелерінің қиылысында маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеді және екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде басты жолмен келе жатқан LADA KALINA автокөлігімен соқтығысуға жол берді. Соққыдан LADA KALINA жол белгісіне соқтығысып, аударылып қалды”, – делінген полиция хабарламасында.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал келтірілді. Газ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button